Республикалық байқау

Автор: teacher от 17-11-2018, 14:38, посмотрело: 82

          Алматы қаласында 2018 жылғы 4-5 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Республикалық "Шеберлер қаласы: Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз" өлкетану сәндік - қолданбалы шығармашылығы байқауы болып өтті. Байқауға 11 облыстан 120 жұмыс қойылып, Ақтөбе қаласы, №37 орта мектебінің 8 "Ә" класс оқушысы Аманкелдинова Мадинаның "Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы" номинациясы бойынша ұсынған жұмысы жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекшісі Балмағамбетов Әлібек Төлепбергенұлы. 

 

 

Категория: Дарынды оқушылар

 

Мектепішілік олимпиада

Автор: teacher от 6-11-2018, 12:49, посмотрело: 137

         №37 орта мектеп директорының 27.10.2018 жылғы №253 бұйрығы негізінде 30-31 қазан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік пәндік олимниадаға он бір (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, биология, химия, география, тарих, құқық негіздері) пән бойынша 8-11 класс оқушылары арасынан 76 оқушыы (қоғамдық - гуманитарлық бағыт - 36, жаратылыстану - математикалық бағыт - 40) қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 1-ші орын алған 20 оқушы қалалық олимпиадаға жолдама алды. 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Бақытты бала" жобасы

Автор: teacher от 2-11-2018, 16:12, посмотрело: 75

         "Рухани жаңғыру" және "Бақытты бала" жобасы аясында №37 орта мектеп оқушыларының бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында 1,2 класс оқушылары жетекшілерімен бірге батырлықтың символы болған батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың "Әлия музейіне" саяхат жасаса, 3,4,5,6 класс оқушылары "Жұбановтар әлеміне" саяхат жасады.Оқушылар көптеген қызықты деректермен таныс болып, түрлі аспап түрлерін көріп қайтты. 

         

 

 

 

 

 "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 7,8 класс оқшылары Т.Ахтанов атындағы драма театрының "Есігімді қаққан кім?" атты қойылымын тамашалап келді.Оқушылар қойылым барысынан әсерлі шықты. Бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алды.

 

  

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Үй тапсырмасының дұрыс ұйымдастырылуы - сабақтағы деңгейлік әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану кепілі" тақырыбында өткізілген шеберхана

Автор: teacher от 31-10-2018, 12:31, посмотрело: 70

     Мектебімізде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімі Сагинаева Ляззат Нурланованың ұйымдастырумен "Үй тапсырмасының дұрыс ұйымдастырылуы - сабақтағы деңгейлік әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану кепілі" тақырыбында шеберхана жұмысы өткізілді. Шеберхана жұмысына қала мектептерінің 18 жас маман қатысым жасады. 

 

 

Категория: Әдістеме және тәжірибе

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine