Тұңғыш Президент күні

Автор: teacher от 29-11-2019, 12:21, посмотрело: 55

0

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

 

 

29.11.2019ж күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 10 класс оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Аталған шараға С.Бәйішов атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының аға кітапханашысы Бейісова Гүлзада Бақдәулетқызы қатысып, «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі» атты көрме жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, қызмет барысындағы жұмысы және "Қазақстан патриоты" атты Елбасы туралы бейне материалдар көрсетілді. Дарынды оқушылар Елбасына арнаған жыр шумақтарын арнап, "Атамекен" әні орындалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деп, болашақ жастарға үлкен үміт артады. Елдің ертеңі - болашақ ұрпақ саналы азамат болса, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.
Жетекшілері: Г.Ш.Аманшиева, Б.А.Кенжебаева

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп жайлы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.