Тұңғыш Президент күні

Автор: teacher от 29-11-2019, 12:21, посмотрело: 28

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

 

  

29.11.2019ж күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 10 класс оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталған шараға С.Бәйішов атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының аға кітапханашысы Бейісова Гүлзада Бақдәулетқызы қатысып, «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі» атты көрме жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, қызмет барысындағы жұмысы және "Қазақстан патриоты" атты Елбасы туралы бейне материалдар көрсетілді. Дарынды оқушылар Елбасына арнаған жыр шумақтарын арнап, "Атамекен" әні орындалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деп, болашақ жастарға үлкен үміт артады. Елдің ертеңі - болашақ ұрпақ саналы азамат болса, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.
Жетекшілері: Г.Ш.Аманшиева, Б.А.Кенжебаева

Категория: Мектеп жайлы

 

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

Автор: teacher от 30-10-2019, 10:08, посмотрело: 87

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

2019 жылдың қазан айының 30-ы күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің 5,6,10 класс окушылары күзгі каникул уақытын тиімді өткізу мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша туған өлкенің тарихын тану аясында Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында орналасқан Қара қыпшақ Қобыланды батыр мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия жасады. 2007 жылы батырға арнайы кесене тұрғызылып, кешен ашылды. Оның сәулетшісі Бек Ибраев болды. Кешеннің құрамына Қобыланды батырға арналған мазар (пішіні батырдың дулығасы сияқты, оның биіктігі айшығына дейін қосып есептегенде — 16м 89см, диаметрі 16 метр), пішіні садақ сияқты ғимарат (онда батырға арналған «Данқ» бөлмесі және қосымша қызмет бөлмелері орналасқан) және бірнеше белгі тастар кірді. (Олар 1996 жылы орнатылған табиғи 2 тас, 2006 жылы қайта жерленгенде қойылған арнайы белгі тас және Қобыланды батыр табынған, сиынған қасиетті деп есептеген меңгір тас – «Қайрақ тас»). Окушылар үшін қызықты деректер, тарихи мағлұматтар берілді.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 
 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 9-02-2017, 23:31, посмотрело: 2 907

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

     № 37 орта мектебі  1990 жылы балабақша ғимараты болып салынып, 1995 жылға дейін балабақша қызметін атқарды. 1995-1996 оқу жылынан бастап негізгі мектеп болып ашылып, 2003-2004 оқу жылынан бастап орта мектеп статусын алды.

    Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. №37 мектеп  те шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.

2003 жылдан бері мектептен түлеп ұшқан түлектердің саны - , оның жетеуі мектепті «Алтын бегімен» аяқтады. 2012 жылғы «Алтын белгі» иегері Альмуханов Абылай облыс бойынша ең жоғары балл жинап, облыс әкімінің қолынан автомобиль кілтін алды.

      Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Ол әдіскер де білімдар және өз ісінің қыр сырын жетік білетін маман. Мектептің тарих пәні мұғалімі К.Шүйіншалина 2007 жылы оқушылардың білімі мен тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды. 2015 жылы технология пәні мұғалімі А.Балмагамбетов А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды.

Бүгінде мектептің 20 жылдық тарихы бар. Мектепте 26 класс комплектісі, 3 даярлық класс, 625 бала, 56 мұғалім бар. Мұғалімдердің сапалық құрамы 46,5%.

      Мектептің оқу – тәрбие жұмысын алға бастырудың негізгі шарты – жұмысты сауатты, жүйелі жоспарлай білу. Оқу – тәрбие үрдісін тиімді әрі ұтымды ұйымдастырып, үйлесімді жұмыс ырғағының қалыптасуымен мектептің педагогикалық ұжымы оң өзгерістерін елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Оқу үрдісін ұйымдастыру бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылау жүргізіліп, істің нәтижелі болуы көзделді. Жоспарға сай педагогикалық және директор жанындағы кеңестер, әдістемелік бірлестіктер отырыстары, пән апталықтары т. б. жүйелі өткізілді. Онда бірлестіктер, шығармашылық топтар есептері, әдістемелік баяндамалар, пән онкүндіктерінің өткізілуі, білім сапасын тексеру  қорытындылары кеңінен талқыланып отырылады.

 

Мектептің толық атауы:  №37 орта мектеп

Мекен жайы: 11 мөлтек ауданы 98 үй

Әкімшілік телефоны:  8 (7132) 44-59-11

Мектеп Типтік емес жобада

Директоры: Абуова Карлыга Когабаевна

Категория: Мектеп жайлы