Денсаулық фестивалі

Автор: teacher от 8-09-2018, 10:52, посмотрело: 61

0

       2018 жылдың қыркүйек айының 08-і күні №37 орта мектебінде денсаулық күніне орай "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды. Фестиваль барысында 5-6 класс оқушылары акробатикалық гимнастика, 9-10 класс оқушылары арасында футболдан жарыс өткізілді. 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Алғашқы қоңырау! 2018-2019 оқу жылы

Автор: teacher от 1-09-2018, 14:34, посмотрело: 290

Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектебінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «ҰРПАҚҚА БЕРГЕН ҰЛАҒАТТЫ ТӘРБИЕ-МӘҢГІЛІК ЕЛ КЕПІЛІ» атты мерекелік іс шара жоғары деңгейде аталып өтілді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

1 мамыр – Қазақстан халық­тарының бірлігі күні.

Автор: teacher от 14-05-2018, 16:30, посмотрело: 109

        1 мамыр – Қазақстан халық­тарының бірлігі күні. 1995 жыл­дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас­самблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң­ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты­настарды реттеудің тиімді тетік­терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.

     Мектебiмiзде мерекеге орай "Бақытты бала" жобасы аясында "Бiр шаңырақ астында" атты ұлттар мен ұлыстар фестивалi ұйымдастырылған болатын.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Бір тал кессең, он тал ек»

Автор: teacher от 14-05-2018, 16:10, посмотрело: 137

          «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан Наурыз мере­кесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған.Барша жұртты жұ­мылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жараты­лысқа деген ықыласын оятып, адам бала­сының табиғатпен үйлесімді түрде дамиты­нын ұғындыру парыз.

Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, қаламыздың, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек.

           Осындай игі шараға ат салысып, Мектебімізде мектеп аумағын  көгалдандыруға, абаттандыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды. Онда 11 класс оқушылары  өз қолдарымен 40 түп ағаш отырғызды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine