"Алғыс айту" күні

Автор: teacher от 16-04-2019, 12:53, посмотрело: 335

0
"Алғыс айту"күні











 
Ақтөбе қаласы 37орта мектебiнде "Алғыс айту" күніне орай 1-11 класс арасында "Алғыс айту - парызым!" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 
1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым,  Мәңгілік Елдің бүгініне және  Болашағы біртұтас елдің  ертеңіне деген нық сенім.   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты. Бүгін біз, миллиондаған адамдардың  өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне,  қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Тарихи-өлкетану" мұражайы

Автор: teacher от 16-04-2019, 11:53, посмотрело: 299

0
 "Тарихи-өлкетану" мұражайы
               
Ақтөбе қаласы 37орта мектебiнiң ұжымы 2019 жылдың қаңтар айының 19-ы күні Ақтөбе облыстық "Тарихи-өлкетану" мұражайында "Н.Назарбаев:Дәуiр.Тұлға.Қоғам" атты жылжымалы көрмесіне барып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың өмір жолымен, тағылымды iстерiмен танысты. Төрт бөлімнен тұратын мол мұраға толы сегіз залдың қызметiмен танысып, рухани азық алып кайтты.



 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік" күні

Автор: teacher от 16-04-2019, 11:18, посмотрело: 265

0

"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты"

   
   Бүгін, яғни 2018 жылдың желтоқсан айының 14-i күні мектебiмiзде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Отаншыл қазақ баласы" апталығы аясында "БIРЛIК" оқушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызының құттықтау сөзімен басталып, "Бiрлiк" оқушылар қауымдастығының тамаша мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты. Жиын барысында мектебiмiздiң талантты да дарынды жас өрендерi тәуелсіздік шежіресі бойынша қойылымдар, өлеңдер, билер, әндер жолдады. 

Тәуелсіздік—бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Арманына жету үшін күрескен,
Тарихта шежіре боп қалғаны шын! 

     ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз ‼️‼️‼️

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау

Автор: teacher от 16-04-2019, 11:00, посмотрело: 316

0
 
 "Жас Ұлан" - қоғамға қызмет етеді

 

Бүгін, желтоқсан айының 13-i күні мектебiмiзде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі карсаңында аға тәлiмгер А. К. Измаганбетова және "Алаш " оқушылар қауымдастығы ұйымдастыруымен "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өткізілді. Ұйымға 2,5 класс оқушылары бойынша 117 оқушы қабылданды. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігi, ардагер ұстаздар, "Алаш" оқушылар қауымдастығы, "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері қатысты.
Жас Ұлан» - шыншыл патриот, «Жас Ұлан» - нағыз топжарған. «Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді, «Жас Ұлан» - жауапты азамат. «Жас Ұлан» - сенімді дос, «Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»‼️‼️‼️

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine