» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 
 
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Автор: teacher от 17-01-2020, 09:58, посмотрело: 87

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 

Бүгін 2020 жылдың қаңтар айының 17-i күні №37 орта мектебінде мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Мусин Нұрлыбек Кумарович- Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, Әбекенов Мақсат Данаұлы-ҚР Мемлекеттік қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы қатысым жасады. Дөңгелек үстел барысын мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ашып, өткізілгелi тұрған "Ортақ парыз-бiр мiндет" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының маңыздылығын және қозғалып отырған жемқорлық мәселесінің қоғамдық проблема екендігін ашып айтты.

 

 

Дөңгелек үстел барысында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының белсенділері өз ойларын ашық түрде ортаға салып, өзара өзекті деген сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы оқушылардың арнайы дайындаған видеоролигi көрсетiлiп, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел қонақтары да сыбайлас жемқорлық тақырыбы төңірегінде ұтымды ойларын және сыбайлас жемқорлықтың қазіргі таңда қоғамның басты iндетi екендігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әр азамат ең бiрiншi өзінен бастау керек екендігін айтты. Жемқорлықтың қоғамға тигізетiн қауіпті әсерлерін және жемқорлыққа қарсы қандай күрес жүргізу керек екендігiмен бөлісті. Дөңгелек үстелді "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы белсенділері "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы - жастардың қолында!" ұранымен аяқтады.
"Адал ұрпақ" ерiктi мектеп клубының жетекшісі А.К.Измаганбетова

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.