» » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Есет батыр Көкiұлының мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия

 
 
 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Есет батыр Көкiұлының мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия

Автор: teacher от 28-10-2019, 16:25, посмотрело: 190

0

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебiнiң 3-4 класс оқушылары қазан айының 28-i күні күзгі каникул уақытын тиімді өткізу мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Есет батыр Көкiұлының мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия жасады.
Тама Есет батыр Көкіұлының еліміздің тәуелсіздігі жолындағы ерлік істері көне тарихтан белгілі. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Кіші жүздің қалың қолын бас­қарып, басқыншы жауға қасқиып қарсы тұрған батыр бабамыздың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып қалды. Қанша ғасыр өтсе де ерлігіне бас иген халқымыз Есет батырдың зиратына тәу етіп, дертіне шипа іздеп келіп жатады. Батыр баба­мыздың даңқына сай бұл жерді рухани-мәдени орынға айналдыру қолға алынды. Шығыс үлгісінде күмбезделіп салынған мемориалдық кешен заманауи үлгіде жабдық­талған, алыс-жақыннан келетін қонақтар үшін барлық жағдай жасалған. Осында Есет батырдың мұражайы да орналасқан. Қазіргі таңда осы мұражайды батыр өміріне қатысты жәдігерлермен толықтыру ісі үздіксіз жүргізіп келеді.
Аталған тақырыптық экскурсия жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие берiп, ұлттық сана сезімiн оятуға түрткі болғандығына сенiмiмiз мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.