» » «Бір шаңырақ астында» ұлттар фестивалі

 
 
 

«Бір шаңырақ астында» ұлттар фестивалі

Автор: teacher от 30-04-2019, 16:29, посмотрело: 80

0

30.04.2019 күні оқу тәрбие жоспарына сайкес 1 МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ «Рухани жаңғыру: Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Бір шаңырақ астында» ұлттар фестивалі өткізілді.

 

 

 

Фестиваль барысында мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайғызы құттықтау сөз сөйлеп, келген ұстаздарға, оқушыларға ыстық тілегін білдірді. Қазақстанды мекендейтін ұлты басқа, жүрегі бір халықтар фестивалін Ескендір Хансанғалиевтің «Атамекен» әнімен бастап, қазақ халқының ұлттық биі қара жорғамен аяқтады. Фестивальге 1-9 класс оқушылары қатыстырылды. "Ұлттық салт- дәстүрімізді, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс". Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.