» » «Спорт жеңісін бағындырған түлектер»

 
 
 

«Спорт жеңісін бағындырған түлектер»

Автор: teacher от 31-01-2018, 12:24, посмотрело: 401

0

     Спорт –  елдiң мерейiн асырып, абыройын тасытатын сала. Егемендi елiмiздiң айбынды  спортшылары халықаралық iрi жарыстарда топ жарып, қазақ елiн әлемге танытып жүр. Міне, сондай айбынды спортшыларымыз, кешегі мектеп түлектеріміз, қазіргі спорт саңлақтары, мектебіміздің мақтаныштары самбодан әлем чемпионы Қуанов Есет, грек-рим күресінен бірнеше дүркін чемпионы Итемгенов Руслан  және еркін күрестен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Жақсылықов Бектің қатысуымен «Спорт жеңісін бағындырған түлектер» атты кеші өткізілді. Аталған кеште спортшылар  класс жетекшілерінен балалық шақтағы естеліктерін тыңдап, артынан еріп келе жатқан ізбасарларына бос уақыттарын тиімді пайдаланып, білім мен спортқа ден қою керектігін айтты.

 

 

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.