» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 
 
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Автор: teacher от 5-12-2018, 15:02, посмотрело: 532

0

          Бүгін 2018 жылдың желтоқсан айының 05-і күні  №37 орта мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Ахмет Көшкінбай Нұрмағамбетұлы – «Парасат-Ғылым» ҚБ төрағасы, Әбекенов Мақсат Данаұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы, сондай-ақ Қойшиев Ақниет Қайыржанұлы – қалалық Әкімдік ішкі саясат бөлімі маманы қатысым жасады. Дөңгелек үстел барысын мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ашып, өткізілгелі тұрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының маңыздылығын және қозғалып отырған жемқорлық мәселесінің қоғамдық проблема екендігін ашып айтты. Дөңгелек үстел барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенділері өз ойларын ашық түрде ортаға салып, өзара өзекті деген сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы оқушылардың арнайы дайындаған видеоролигі көрсетіліп, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел қонақтары да сыбайлас жемқорлық тақырыбы төңірегінде ұтымды ойларын  және сыбайлас жемқорлықтың  қазіргі таңда қоғамның басты індеті екендігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әр азамат ең бірінші өзінен бастау керек екендігін айтты. Дөңгелек үстел соңында оқушылар латын әріпінде постер қорғап, жемқорлықтың қоғамға тигізетін қауіпті әсерлерін және жемқорлыққа қарсы қандай күрес жүргізу керек екендігімен бөлісті. Дөңгелек үстелді «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенділері «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – жастардың қолында!» ұранымен аяқтады.

 

 

 

 

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.