» » "Мамандық таңдау - маңызды қадам"

 
 
 

"Мамандық таңдау - маңызды қадам"

Автор: teacher от 14-05-2018, 15:43, посмотрело: 65

0

        Сәуір айының 13-i күні мектебiмiзде 9, 11 класс оқушыларына "Кәсіби бағыт бағдар беру және болашақ мамандық таңдау" мақсатында "Мамандық таңдау - маңызды қадам" тақырыбында арнаулы және жоғарғы оқу орындарының мамандары қатысуымен ашық есiк күні өткізілді. Мектебiмiздiң директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ұйымдастырылған ic-шараның маңыздылығын, сондай-ақ болашақ мамандық таңдаудың аса маңызды екендігін атап өтті. Ашық есiк күніне төмендегі оқу орындары қатысты. 

1.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлiк университеті;
2.  С.Бәйiшев атындағы Ақтөбе университеті ;
3.  Ақтөбе Болашақ колледжi;
4.  ҚазГЗУ колледжi;
5.  Ақтөбе ауыл - шаруашылық колледжi;
6.  Ақтөбе көлік және коммуникация колледжi;
7.  Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжi;
8.  Ақтөбе политехникалық колледжi;
9.  Ақтөбе медициналық колледжi;
10. Aқтөбе С.Бәйiшев атындағы колледж. 
Келген мамандар бiлiм беру орындарының ерекшеліктері мен артықшылықтарын таныстырды. Оқушылар түрлі сұрақтар қойып, пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.