» » Алғашқы қоңырау! 2018-2019 оқу жылы

 
 
 

Алғашқы қоңырау! 2018-2019 оқу жылы

Автор: teacher от 1-09-2018, 14:34, посмотрело: 240

0

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз.
1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! 
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектебінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «ҰРПАҚҚА БЕРГЕН ҰЛАҒАТТЫ ТӘРБИЕ-МӘҢГІЛІК ЕЛ КЕПІЛІ» атты мерекелік іс шара жоғары деңгейде аталып өтілді. Мектебімізді атаулы мерекемен  Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілі Шакирова Шарипа Кимановна құттықтап келді.

 

 

 

 

Биылғы 2018-2019 оқу жылында №37 орта мектебінде 69 оқушы 1 класқа  мектеп табалдырығын аттағалы отыр.10 класқа 33 оқушы қабылданды. Мектеп контингентін 565 оқушы құрап отыр. Барлық мектеп оқушыларында ережеге сай оқушы формасы сақталған. Биылғы жылы 1,2,3,5,6,7,8 кластар жаңартылған білім мазмұнында білім алады. Бұл кластардың барлығы оқулықпен қамтылуда.

 

 

 

 

Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар. 

 

 


Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. 

 
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.