» Последние публикации на сайте » Страница 3

 
 
 

Түлектер

Автор: teacher от 16-01-2020, 16:11, посмотрело: 16

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің 2016 жылғы түлектерi.

 

 
Жандарында сіз жоқсыз енді олар,
Өмірменен бетпе - бет белдеседі.
Тірлік осы атады жаңа таңдар,

Жаңа таңдар алмасқан алақандар,
Бірақ ертең аққу боп айдынына,
Оралар балапандар...
Иә, шынымен де айдын көлден ұшыраған балапандар, бірі аққу боп, бірі сұңқар боп, өздері 11 жыл білім мен тәрбие алған алтын ұяларына келіп сәлем берді.
Уақыттың тез екеніне тағы да ойлана қарап қалатын сәттердің бірі осы шақ еді.Себебі бейне дәлелдеп тұр.Сәбиін ұстаған кешегі түлек, бүгін әке.
Түлектер мектеп пен қазіргі оқу орындарын айтып, балалық шақтарына шолу жасады.Жүздерінде қуаныш, жетістіктің белгілері сезілді.
Мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы түлектерге тағы да Алғыс айтып, қадамдарына сәттілік тіледі. Ал, ортадағы кiп-кiшкентай балапанға бауы берік болсын деп, ақ батасын берді.Бақытты болуын тiледi!
Түлектер біздің жүріп өткен ізіміздің, жасаған еңбегіміздің айғағы.Тәрбиелі түлектеріміз көп болсын!

Категория: Мектеп дәстүрі / Түлектер

 

Жас ұландықтарды марапаттау.

Автор: teacher от 14-01-2020, 16:08, посмотрело: 28

Жас ұландықтарды марапаттау.

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебiнде дәстүрлі жиында апта қорытындысы бойынша жеңістi жас ұландықтарды марапаттау өткізілді. Жиынға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы катысып, апта жемісімен құттықтап, алдағы уақытта да тек биіктен көрiне беруiне тiлектестiгiн бiлдiрдi. Жас өрендерiмiздi жеңістерiмен құттықтаймыз ‼️‼️‼️

 

 

Категория: Дарынды оқушылар

 

Бүгінгі оқушы -ертеңгi студент

Автор: teacher от 13-01-2020, 16:04, посмотрело: 10

Бүгінгі оқушы -ертеңгi студент

 

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде "Бүгінгі оқушы -ертеңгi студент" тақырыбында студенттермен кездесу кешi өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы катысып, кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студенттерге алғысын бiлдiрiп, болашақ жарқын өмірдi қалау, тек әр адамның өз қолында екендігін және саналы, бiлiмдi, жан-жақты тұлға болып қалыптасуларына тілек білдірді. Кешке келген қонақтарымыз студенттік өмірдің қызығымен бөлісiп, мектеп оқушыларын уақытылы оқуға, талмай еңбектенуге, үнемі өз бiлiмдерiн жетiлдiруге шақырды. Iс-шара барысында қызықты ойындар ойнатылып, әсем әндер айтылып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Бозбала мен бойжеткен" байқауы

Автор: teacher от 13-01-2020, 15:53, посмотрело: 10

"Бозбала мен бойжеткен" байқауы

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің оқушылары Едіге Шынболат пен Тыныштық Аружан Қалалық окушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген "Бозбала мен бойжеткен" байқауына қатысып, "ӨНЕРЛІ ЖҰП" номинациясын иеленді. Байқау өте тартысты өтті. Шын жүректен құттықтаймыз‼️‼️‼️

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine