Директор

Автор: admin от 9-02-2017, 12:49, посмотрело: 347

0

 

Абуова Карлыга Когабаевна - мектеп директоры

 

1964 жылы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келді.

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика факультетіне түсіп, 1990 жылы физика - информатика мамандығын алып шықты.

Алғашқы педагогикалық еңбек жолы Ақтөбе  қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде 1990-1998 жылдар аралығында, 1999-2012 жылдар аралығында №34 орта мектебінде педагогикалық еңбек жолдарын жалғастырды.

1995-2012 жылдар аралығында директордың орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдың 5 қыркүйегінен бастап №37 орта мектебінде директор қызметін атқарады.

Алға қойған мақсаты: “Жас ұрпақ бойында сапалы білім беру мен саналы тәрбие қалыптастыру, рухани адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру” Физика - информатика сабақтарынан дәріс береді, сабағының қызықты, өмірмен байланыста өтуіне мән береді. Оқушылардың қабілетіне сәйкес жұмыстар жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуге жұмыстанады.

 

 

 

Төмендегідей тақырыптарда кәсіби біліктілігін арттырды:

Информатика пәні бойынша: “Оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық (АКТ) құзырлылығын қалыптастыру әдістері”, “Даналық” оқу-білім орталығы Алматы қаласы, Сертификат 2015ж 5-10 қаңтар”.

  1. Физика пәні бойынша: “Физика пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында балаларға психология-педагогикалық қолдау көрсету” 80сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы, Сертификат 2016 ж.

 

Төмендегідей жұмыстары тәжірибе алмасуға таратылған:

  1. Физика және астрономия пәндерінен зертханалық жұмыстар (электрондық орта), 2016ж
  2. Физикадан бақылау жұмыстары (Әдістемелік оқу-құралы), 2016ж

Баспа құралдарына сабақ үлгілері жарияланды:

  1. Қазақстан орта мектебі журналына “Энергия. Энергияның сақталу заңы”, 2016ж
  2. XXI ғасырдағы ғылым мен білім: “Болашақтағы дамуы” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға “Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жеке тұлға қабілетін дамыту” тақырыбында баяндамасы енгізілді, 2014ж 23 қазан. Мұғалімнің талабын түсінген оқушыларда сабаққа қызығушылықпен қатысып, ізденіспен келеді, еркін сөйлеп, ойын ашық айтуға талпынады. Уақытты ұтымды пайдалана отырып, заманауи талаптарды, жаңалықтарды игеріп қалуға жұмыстанады.

Әр жылғы Елбасының  Жолдауын насихаттауды дәстүрге айналдырып, білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерді тәжірибеге енгізуге белсенділік танытады.

Ол байсалды, адамгершілігі мол, қашанда қайырымдылық істеріне белсенділік танытып отырады. Талап қоя отырып, оқушыларды өз еңбегіне қарай бағалай біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята біледі. Өз мамандығына құрметпен қарайды, жан-жақты ізденіспен толықтыруға жұмыстанады.

Ата-аналармен тығыз байланыстылықта, ата-аналардың, әріптестердің пікірлерімен санасып, ортақ пікірмен түйінді шеше біледі.

шаблоны для dle 11.2

Категория: Әкімшілік

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.