Шебер класс

Автор: teacher от 14-05-2018, 15:51, посмотрело: 169

Мектебiмiзде өткізілген шебер кластан көрініс.

 

 

Категория: Әдістеме және тәжірибе

 

Қалалық семинар

Автор: teacher от 1-03-2018, 13:21, посмотрело: 296

26.01.2018 күні №37 орта мектебінде ҚҒӘО жоспарына сай орталық әдіскері А.С.Садықованың қатысуымен "Білім берудің жаңа мазмұны жаратылыстану пәндерінде" тақырыбында жаратылыстану мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында саралап оқыту, тиімді оқыту, белсенді оқыту әдістерін тәжірибеге енгізуге бағытталған коучинг, зерттеу тәжірибелеріне негізделген жаңа мазмұндағы ықшам сабақтар өткізілді.

 

 

 

 

Категория: Әдістеме және тәжірибе

 

Ашық сабақ

Автор: teacher от 26-01-2018, 16:59, посмотрело: 243

0

   ІІІ деңгей бітірген тарих пәні мұғалімі Ш.Каирова 13-желтоқсан күні Адам.Қоғам.Құқық. пәні бойынша 11 «А» класында «Құқықтықтық сауаттылық-сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты-құқықтықтық сауаттылық-сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл екендігін түсіндіру. Сабақ жаңа оқыту мазмұнына негізделіп, топтық деңгейде өтті. Оқыту нәтижесі: Оқушылар сұрақ қойып,түсінік беруді,  өз ойын еркін жеткізе біледі, басқа оқушылардың пікірлерін тыңдауға дағдыланады. Түйінді идеясы-сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті екендігін оқушылардың өздеріне аштырып, қорытындыланды.  Психологиялық  дайындық «Мен өзімді...теңеймін,себебі....» тренингімен басталды. Оқушылар өздерін бір затқа теңеп,сыни ойлай біледі. «Алты телпек» әдісі бойынша 3 топқа тапсырмалар беріледі. Бағалау үш шапалақ, бағдаршам түстері, бағалау парағымен бағаланып отырды.

 

Категория: Әдістеме және тәжірибе

 

Ата-аналар жиналысы

Автор: teacher от 26-01-2018, 16:43, посмотрело: 428

0

17.11-18.11.2017 жылы 5-7  класс  ата-аналармен  бірге « Жаңа мазмұнды  білім берудің ерекшеліктері» деген тақырыпта жиналыс өтті. Мақсаты:Ата-аналарға  критериалды бағалау туралы түсінік қалыптастыру және оның кейбір әдістерін көрсету.Күтілетін нәтиже: Дәстүрлі және критериалды бағалауды іс жүзінде салыстыра отырып оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады.Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді. Алдымен  психологиялық  тренинг «Қуаныш сыйлау»  өткізілді.Олар  бір- бірімен  мейірімді  қарым – қатынаста болып, айналасын  қуанышқа  бөленді.Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдай отырып,топқа бөлінді. Осы  түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырды.Топқа тапсырмалар берілді. Ата-аналар  жеке, топпен ой бөліседі,топта талқылап,өз ойларын ортаға салды.

 

Категория: Әдістеме және тәжірибе

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine