Мектепішіллік олимпиада

Автор: teacher от 31-01-2018, 18:07, посмотрело: 1 154

0

№37 орта мектебінде Ғылым негіздері бойынша 8-11 класс оқушылары аралығындағы республикалық олимпиаданың І мектепішілік кезеңі өтті.

 

      Олимпиада мақсаты:  Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау;

     Мектепішілік олимпиадаға  барлығы 83 оқушы қатысты. Соның ішінде 8 кластан – 28, 9 кластан – 29, 10 кластан – 19, 11 кластан – 7 оқушы қатыстырылды. Олимпиадаға қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша – 36 оқушы, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша – 47 оқушы қатысты. Жалпы оқушы санының 22,37 % - ын құрайды. Әрбір пән бойынша оқушылардың мектепішілік олимпиадаға қатысу белсенділігі төмендегідей нәтижеден көрініс тапты:

Қазақ тілі –  10 оқушы

Орыс тілі – 5 оқушы

Ағылшын тілі – 7 оқушы

Қазақстан тарихы – 14 оқушы

Математика – 12 оқушы

Информатика – 2 оқушы

Биология – 15 оқушы

Физика – 5 оқушы

Химия – 7 оқушы

География – 6 оқушы

       Олимпиада 2 кезеңмен өтті. І кезеңі – 30 қазан, ІІ кезеңі – 31 қазан. Олимпиада сағат 09.00 де басталып, 11.30 да аяқталды. Олимпиадаға барлық оқушылар кешікпей уақытында келді. ІІ турға 83 оқушыдан 66-сы өтті.

Әрбір пән бойынша сараптамалық талдау қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті:

8-11 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша І орын алған 20 оқушы  қалалық олипиадаға өтіп отыр.

      Ғылым негіздері бойынша 8-11 класс оқушылары аралығындағы республикалық олимпиаданың І мектепішілік кезеңінде 9 кластар арасында ГЕОГРАФИЯ пәнінен үздік білім көрсеткен Алданазарова Томирис І дәрежелі дипломмен марапатталды. 8 класс оқушылары арасында ТАРИХ пәнінен Әмірханова Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен және  АҒЫЛШЫН ТІЛІ пәнінен Аманшиева Арайлым ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Дарынды оқушылар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.