Игі іс жасауға асық

Автор: teacher от 30-01-2020, 10:17, посмотрело: 10

Игі іс жасауға асық

 

 

30.01.2020ж күні №37 орта мектебі оқушыларынан құралған "Еріктілер тобы" Президент Қ.Т.Тоқаевтың 2020жыл "Волонтерлар жылы" бастамасымен Ақтөбе қаласында бастау алған "Игі іс жасауға асық" атты акция аясында 9а, 9ә класс оқушылары Шура әжейдің үйіне барып, қар басып қалған ауласын және аула алдын омбы қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс соңында Шура әжей мектеп еріктілеріне алғысын білдіріп, батасын берді. №37 орта мектебінен құрылған "Еріктілер тобының" мақсаты: Жас ұрпақ бойына әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, патриоттық сезімдерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, құқықбұзушылықтың алдын алу және адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

"Ерiктiлер тобына" жетекшілiк еткен
Аға тәлімгер А.Измаганбетова
9а класс жетекшісі Ж.Калдина.

Категория: Мектеп дәстүрі