Ата - аналар жиналысы

Автор: teacher от 16-01-2020, 16:14, посмотрело: 104

Ата - аналар жиналысы

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 16.01.2020ж күні II тоқсан қорытындысы бойынша 1-кезең ата-аналары үшін кезекті жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде
1.2019-2020 оқу жылындағы II тоқсан қорытындысы, оқушылардың білімдерін жетілдіру, өзін-өзі дамыту жолдары;
2.ҚББ ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшиннің 12. 12.2019 жылғы №7 ПГВР «СНЮС шегуге арналған темекі және темекісіз өнімдерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу» туралы қаулысы негізінде осы қаулының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес мектеп оқушылары арасында жасөспірімдер организміне құрамында никотині бар қоспалардың және психикалық белсенді заттардың әсерін түсіндіру (видеоролик);
3.Құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтандыру мақсатында ата-аналарға Ақтөбе қаласы прокуратурасныың «Ескертпе» қағаздарын түсіндіру, тарату;
4.2020 жыл қаңтардан бастап жекеленген санаттағы оқушыларды ыстық тамақпен қамту құжаттарының заңдылығы.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Түлектер

Автор: teacher от 16-01-2020, 16:11, посмотрело: 97

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің 2016 жылғы түлектерi.

 

 
Жандарында сіз жоқсыз енді олар,
Өмірменен бетпе - бет белдеседі.
Тірлік осы атады жаңа таңдар,

Жаңа таңдар алмасқан алақандар,
Бірақ ертең аққу боп айдынына,
Оралар балапандар...
Иә, шынымен де айдын көлден ұшыраған балапандар, бірі аққу боп, бірі сұңқар боп, өздері 11 жыл білім мен тәрбие алған алтын ұяларына келіп сәлем берді.
Уақыттың тез екеніне тағы да ойлана қарап қалатын сәттердің бірі осы шақ еді.Себебі бейне дәлелдеп тұр.Сәбиін ұстаған кешегі түлек, бүгін әке.
Түлектер мектеп пен қазіргі оқу орындарын айтып, балалық шақтарына шолу жасады.Жүздерінде қуаныш, жетістіктің белгілері сезілді.
Мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы түлектерге тағы да Алғыс айтып, қадамдарына сәттілік тіледі. Ал, ортадағы кiп-кiшкентай балапанға бауы берік болсын деп, ақ батасын берді.Бақытты болуын тiледi!
Түлектер біздің жүріп өткен ізіміздің, жасаған еңбегіміздің айғағы.Тәрбиелі түлектеріміз көп болсын!

Категория: Мектеп дәстүрі / Түлектер