Дөңгелек үстел

Автор: teacher от 4-12-2019, 17:50, посмотрело: 48

«Әлемге махаббат көзімен қара»

дөңгелек үстел

 

04.12.2019 күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Амантурлиева, мектеп психологтары Ж.Б.Калдина, А.Ә.Рахметоллина 7-8 класс қыз балаларына «Әлемге махаббат көзімен қара» (Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында кәмелетке толмағандардың жыныстық дербес құқықтылығына қарсы қылмыстарды ескерту) дөңгелек үстел өткізілді және оқушыларға Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін жауаптылықты реттейтін заңнаманы түсіндіру туралы жадынамасы таратылды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Анаға тағзым» орталығының медиаторымен кездесу

Автор: teacher от 4-12-2019, 17:01, посмотрело: 45

«Анаға тағзым» орталығының медиаторымен кездесу

 

 

 

     04.12.2019 күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Анаға тағзым» орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызының қатысуымен 9-11 класс қыз балаларына кездесу өткізілді. Шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы қатысып, көтеріліп отырған тақырыптың ауқымы кең әрі өзекті екендігін атап өтті. Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
     Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам. Осы мақсатта іс-шарада қыз балалардың бүгіні мен ертеңі туралы насихат жүргізіліп, оқушылардан түскен түрлі сұрақтарға жауап берілді. Кеш соңында Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы қазақ қыздарының болмысысы әлемді сүйсіндіретіндей қылықты және ақ жаулықты аналарымыз салып кеткен сара жолды жалғастырушы болыңыздар деп батасын беріп, шашуын шашты. Қыз балалар үшін үлкен рухани азық әрі әсерлі кездесу болды.

Категория: Мектеп дәстүрі