Қобыланды батыр мемориалдық кешені

Автор: teacher от 30-10-2019, 10:08, посмотрело: 22

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

2019 жылдың қазан айының 30-ы күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің 5,6,10 класс окушылары күзгі каникул уақытын тиімді өткізу мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша туған өлкенің тарихын тану аясында Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында орналасқан Қара қыпшақ Қобыланды батыр мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия жасады. 2007 жылы батырға арнайы кесене тұрғызылып, кешен ашылды. Оның сәулетшісі Бек Ибраев болды. Кешеннің құрамына Қобыланды батырға арналған мазар (пішіні батырдың дулығасы сияқты, оның биіктігі айшығына дейін қосып есептегенде — 16м 89см, диаметрі 16 метр), пішіні садақ сияқты ғимарат (онда батырға арналған «Данқ» бөлмесі және қосымша қызмет бөлмелері орналасқан) және бірнеше белгі тастар кірді. (Олар 1996 жылы орнатылған табиғи 2 тас, 2006 жылы қайта жерленгенде қойылған арнайы белгі тас және Қобыланды батыр табынған, сиынған қасиетті деп есептеген меңгір тас – «Қайрақ тас»). Окушылар үшін қызықты деректер, тарихи мағлұматтар берілді.

 

 

Категория: Мектеп жайлы