» Материалы за Желтоқсан 2018 года

 
 
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Автор: teacher от 5-12-2018, 15:02, посмотрело: 634

          Бүгін 2018 жылдың желтоқсан айының 05-і күні  №37 орта мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Ахмет Көшкінбай Нұрмағамбетұлы – «Парасат-Ғылым» ҚБ төрағасы, Әбекенов Мақсат Данаұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы, сондай-ақ Қойшиев Ақниет Қайыржанұлы – қалалық Әкімдік ішкі саясат бөлімі маманы қатысым жасады. Дөңгелек үстел барысын мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ашып, өткізілгелі тұрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының маңыздылығын және қозғалып отырған жемқорлық мәселесінің қоғамдық проблема екендігін ашып айтты. Дөңгелек үстел барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенділері өз ойларын ашық түрде ортаға салып, өзара өзекті деген сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы оқушылардың арнайы дайындаған видеоролигі көрсетіліп, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел қонақтары да сыбайлас жемқорлық тақырыбы төңірегінде ұтымды ойларын  және сыбайлас жемқорлықтың  қазіргі таңда қоғамның басты індеті екендігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әр азамат ең бірінші өзінен бастау керек екендігін айтты. Дөңгелек үстел соңында оқушылар латын әріпінде постер қорғап, жемқорлықтың қоғамға тигізетін қауіпті әсерлерін және жемқорлыққа қарсы қандай күрес жүргізу керек екендігімен бөлісті. Дөңгелек үстелді «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенділері «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – жастардың қолында!» ұранымен аяқтады.

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Президент күні

Автор: teacher от 1-12-2018, 14:56, посмотрело: 122

        30.11.2018 жылы №37 орта мектебінде «Қазақстан Тұңғыш Президенті» күні мерекесіне орай «Бәйтерек» оқушылар қауымдастығының ұйымдастырылуымен  «Ел басы – ел тірегі» атты салтанатты жиынды мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы оқушылар мен мұғалімдерді «Тұңғыш Президент» күні мерекесімен құттықтап ашты. Елбасының «Балалық шағымның аспаны» атты киносынан үзінді көріністер қойылып, Елбасына арнау өлеңдері оқылып ән мен биге ұласты. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Н.Ә.Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – Мәңгілік болады! Мәңгілік ел болатынына тағы бір Мәңгілік ел жастары сенім білдіреді!

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі