Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Автор: teacher от 5-10-2018, 11:18, посмотрело: 133

         2018 жылдың қазан айының 05-і күні №37 орта мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын мектеп мәжіліс залында тікелей онлайн көрсетілімде тыңдалым жасады. Жолдау көрсетілімінен кейін талдау барысында мектеп директоры К.К.Абуова ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауы Қазақстан халқы үшін шындықты шыңға көтерер тарихи құжат екендігін және елбасы қойған міндеттерге нық жететіндігімізге сенім білдірді. Жолдау барысындағы Қазақстан болашағы үшін құнді білім сапасын арттырып, мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында әзірленетін "Педагог мәртебесі туралы" заңды құжатын мектеп ұжымы зор қуанышпен қабылдады. 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі