Ардақты асыл жандар, ардагерлер қартаймаңдар

Автор: teacher от 1-10-2018, 11:08, посмотрело: 277

0

     Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Осы орайда қазан айының 01-і күні Қарттар күніне орай, ардагер ұстаздардың өмірлік тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен, тәлім-тағылымымен бөлісу мақсатында "Әркімнің өз дара жолы бар" атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Кешті мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы құттықтау сөзімен ашып, мектептегі тың жаңалықтармен және оқу жылы барысындағы жетістіктермен бөлісті. Мерекелік кеш "Дара жол" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қызықты сұрақтар, естелік суреттер көрсетіліп, мерекелік ән шашу тарту етілді. 

    Әрбір ардагер ұстаздың мектебіміздің өсіп өркендеуіне қосқан үлесі мен еңбектері өлшеусіз. Олар салған дара жол, сара жол шәкірттерінің жадында, мектеп тарихында мәңгілікке сақталып қалары сөзсіз.

    Талай жасты тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған аға буын ардагер ұстаздарымызға дендеріне саулық, отбастарына амандық тілейміз.


 

 

Категория: Мектеп дәстүрі