Ата - аналар жиналысы

Автор: teacher от 18-11-2019, 11:09, посмотрело: 63

7-11 класс арасында жалпы ата-аналар жиналысы 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 07.11.2019ж күні құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратура қызметкерлерінің және Ақтөбе қаласы полиция басқармасы қызметкерлерінің бiрлесiп ұйымдастырылған 7-11 класс арасында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде
1. «Бала тәрбиесіндегі ата – ана рөлі және мектеппен байланысы»
К.К.Абуова – мектеп директоры
2. "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" А.Н.Муханбетказина – мектеп инспекторы
Қатысқандар:
1. 7-11 класс ата-аналары
2. Г.Т.Комарова – ата – аналар ұйымының төрағасы
3. Ж.Б.Шалабаева- Ақтөбе қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары;
4. Ж.А.Еспанов – Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының бөлім бастығы
5. Л.Х.Тайланова- Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының аға прокуроры;
6. А.Касангалиева-Ақтөбе облысы полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы;
7. Д.Г.Иманалина-Ақтөбе қаласы полиция департаменті Ювеналды полиция тобының бастығы полиция майоры;
8. И.Т.Тургамбаева -Ақтөбе қаласы полиция басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инспекторы;
9. А.Н.Мухамбетказина- КТIЖ инспекторы Ата-аналар жиналысына 196 ата-ана қатысым жасады. Жиналысты мектеп директоры Абуова Карлыға Қоғабайқызы ашып, өз баяндамасымен таныстырды. Сондай-ақ, жиналысқа Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Ж.А.Еспанов қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Жиналыс соңында мектеп директоры бала тәрбиесінде мектеп, ата-ана, оқушы үштік одақ бірігіп, жүйелі түрде тәрбие мен білім беретiн болса ғана, құқықбұзушылыққа жол берілмейтіндігін атап өтті.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

Автор: teacher от 30-10-2019, 10:08, посмотрело: 21

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

2019 жылдың қазан айының 30-ы күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің 5,6,10 класс окушылары күзгі каникул уақытын тиімді өткізу мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша туған өлкенің тарихын тану аясында Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында орналасқан Қара қыпшақ Қобыланды батыр мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия жасады. 2007 жылы батырға арнайы кесене тұрғызылып, кешен ашылды. Оның сәулетшісі Бек Ибраев болды. Кешеннің құрамына Қобыланды батырға арналған мазар (пішіні батырдың дулығасы сияқты, оның биіктігі айшығына дейін қосып есептегенде — 16м 89см, диаметрі 16 метр), пішіні садақ сияқты ғимарат (онда батырға арналған «Данқ» бөлмесі және қосымша қызмет бөлмелері орналасқан) және бірнеше белгі тастар кірді. (Олар 1996 жылы орнатылған табиғи 2 тас, 2006 жылы қайта жерленгенде қойылған арнайы белгі тас және Қобыланды батыр табынған, сиынған қасиетті деп есептеген меңгір тас – «Қайрақ тас»). Окушылар үшін қызықты деректер, тарихи мағлұматтар берілді.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 

Қалалық шахматтан турнир

Автор: teacher от 28-10-2019, 17:10, посмотрело: 32

Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен өткізілген қалалық шахмат ойыны

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Есет батыр Көкiұлының мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия

Автор: teacher от 28-10-2019, 16:25, посмотрело: 379

 

28-i күні күзгі каникул уақытын тиімді өткізу мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Есет батыр Көкiұлының мемориалдық кешенiне тақырыптық экскурсия жасады.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед